Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Сирия билігі Асадты тұтқындамақ: 2011 жылғы қанды оқиғалар қайта қозғалды

Дамаск судьясы Тауфик әл-Әлидің айтуынша, шешім 2011 жылы Дараа қаласындағы бейбіт шерулерді күшпен басуға байланысты қабылданған.

Сирия билігі Асадты тұтқындамақ: 2011 жылғы қанды оқиғалар қайта қозғалды
• Фото (Асад): Кремль сайты.

Асадқа әдейі кісі өлтіру, азаптау салдарынан адамдардың қаза табуы, заңсыз қамау сияқты айыптар тағылды. Құжатта «азаматтық соғысты тұтатуға әрекеттенді» деген сияқты өзге де баптар бар.

Сот қаулысы сириялық билікке Интерполға жүгініп, халықаралық тергеу бастауға мүмкіндік береді. Дараадағы шерулер кезінде қаза тапқандардың туыстары шағым түсірген. Сол оқиғалар Сириядағы көтерілістің басталуына түрткі болған еді.

2024 жылдың 8 желтоқсанында 2011 жылдан бері жалғасып келген азаматтық соғыста шешуші кезең орнады. 24 жыл билікте отырған Башар Асад режимі құлап, көтерілісшілер Дамаскті басып алды. Асад Ресейге қашқан.

Қаңтар айында Сирияда Ахмед аш-Шарааның басшылығымен өтпелі әкімшілік құрылды. Жаңа билік экс-президентті экстрадициялауды талап еткен, бірақ Мәскеу оны беруден бас тартты.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату