Асадтың айтуынша, ол Сириядағы оқиғалар барысында қызметтен кетуді, елден қашуды ойламаған, оған осындай ұсыныс түспеген. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бірақ мәлімдемеде "мемлекет содырлар қолына тап болғанда, оған ықпал ету мүмкіндігі қалмаған жағдайда, қызметтің де мәні кетеді" деп жазылған.
Сирия бүлікшілері қалаларды жаулап алып жатқан уақытта Асад көпшілік алдына шыққан жоқ. Сол себепті ол елден қашып кеткен болуы керек деген сыбыс тарады.
Reuters агенттігі өткен аптада Асад жақтастары мен туыстарын елден қашатыны туралы ескертпегенін жазды. Басылым дереккөзінің айтуынша, Асад елден кетерден бірнеше сағат бұрын арнайы қызмет пен армияның лауазымы жоғары шенеуніктерін жинап, "Ресейден әскери көмек келе жатқанын" айтқан.