weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 12:53 / Admin / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Air Astana Дубайға рейстерді 30 қыркүйекке дейін тоқтатты

 Air Astana Парсы шығанағындағы тұрақсыз жағдайға байланысты Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты. Жолаушыларға билеттерін қайта брондау немесе қаражатын толық қайтару мүмкіндігі ұсынылады, деп хабарлайды Newsroom.kz 

Air Astana Дубайға рейстерді 30 қыркүйекке дейін тоқтатты
Фото: ашық дереккөзден алынды.

Air Astana Дубай бағыты бойынша рейстерді 30 қыркүйекке дейін тоқтататынын хабарлады. Компания бұл шешімді Парсы шығанағы аймағындағы тұрақсыз жағдаймен байланыстырып отыр.

Жолаушылар билеттерін 20 қарашаға дейінгі рейстерге қосымша ақысыз қайта брондай алады. Сондай-ақ билет құнын толық қайтаруға немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағытына тегін ауыстыруға мүмкіндік бар. Егер жаңа бағыттағы тариф қымбат болса, оның айырмашылығы қосымша төленеді.

Компания рейстерді қайта бастау туралы шешімді аймақтағы жағдай мен ұшу қауіпсіздігіне қарай қабылдайтынын мәлімдеді. Жолаушыларға сапар алдында рейс мәртебесін нақтылап алу ұсынылады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→