weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Енді ⁠Air Astana жолаушылары ұшу кезінде интернет қолдана алады

Air Astana ұшақтарының алғашқы борттарында интернет қызметі қазан айында іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков мәлімдеді.Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Енді ⁠Air Astana жолаушылары ұшу кезінде интернет қолдана алады
Фото: Ашық деректер көзі

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселе Air Astana компаниясымен бірлесіп пысықталып жатыр. Интернетке қосылу үшін Viasat және OneWeb спутниктік жүйелерінің шешімдері қарастырылуда.

«Air Astana компаниясымен бұл мәселені белсенді түрде пысықтап жатырмыз. Қазан айында интернеті бар алғашқы борттардың пайда болуын күтіп отырмыз. Мұнда екі бағыт бар: Viasat және OneWeb компанияларымен жұмыс», – деді Дамир Сейсембеков.

Бұған дейін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылданған. Маусым айында Президент тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін ұшақтарда интернет іске қосуға қатысты құқықтық кедергілер жойылған.

Интернеттің жолаушыларға тегін немесе ақылы ұсынылатыны әзірге нақтыланбаған. Қызмет құнын авиакомпанияның өзі анықтайды. Air Astana тарапынан бонус жүйесі мен адалдық бағдарламаларын ескере отырып, бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Air Astana бұған дейін де ұшақтарда интернет байланысын ұсынған, алайда қазіргі жоба жаңа спутниктік технологияларды енгізуге бағытталған. Компания 2026 жылдың екінші тоқсанындағы есебінде A321LR ұшақтарына Wi-Fi жабдығын орнату бойынша SES спутниктік байланыс провайдерімен жобалау жұмыстарын ілгерілеткенін хабарлаған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→