Тегін билет қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің ата-аналарына, жұбайларына, балаларына, туған аға-інілері мен әпке-сіңлілеріне беріледі. Сондай-ақ апаттан аман қалған әскери қызметшілердің өздері де бұл мүмкіндікті пайдалана алады.
Билетті рәсімдеу үшін туыстық байланысты растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Тегін әуе билетін алу үшін Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының сату кеңселеріне жүгінуге немесе компаниялардың ресми байланыс арналары арқылы хабарласуға болады.