weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Бүгін, 10:30 / Жасмина Нурлан / Қаржы
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

140 мың «жалған пациент» және 3,5 млрд теңге шығын: АФМ МӘМС жүйесіндегі ірі заңсыз схемаларды әшкереледі

Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын заңсыз иемдену деректері анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, кейбір медициналық ұйымдар азаматтарды олардың келісімінсіз емханаларға тіркеп, көрсетілмеген медициналық қызметтерді рәсімдеу арқылы мемлекеттен заңсыз қаржы алған. Келтірілген жалпы шығын 3,5 млрд теңгеден асты.

140 мың «жалған пациент» және 3,5 млрд теңге шығын: АФМ МӘМС жүйесіндегі ірі заңсыз схемаларды әшкереледі
Фото: жасанды интеллект

Қаржылық мониторинг агенттігі МӘМС қаражатын жымқыруға қатысты бірнеше қылмыстық істі тергеп жатыр.

Тергеу мәліметінше, еліміздің әртүрлі өңірлерінде азаматтарды олардың хабарынсыз медициналық ұйымдарға тіркеу, сондай-ақ іс жүзінде көрсетілмеген қабылдаулар мен емдеу қызметтерін ақпараттық жүйеге енгізу фактілері анықталған. Осылайша медициналық ұйымдар МӘМС қорынан заңсыз қаржы алып отырған. АФМ дерегіне сәйкес, мұндай схемаларға шамамен 140 мың азаматтың деректері пайдаланылған, ал мемлекетке келтірілген жалпы шығын 3,5 млрд теңгеден асады.

Түркістан облысында Жетісай аудандық ауруханасына қатысты тергеу жүргізілуде. Тергеу нұсқасы бойынша, жалған тауарлар мен көрсетілмеген қызметтер арқылы 501 млн теңгеден астам қаражат жымқырылған. Іс бойынша екі адам ұсталды.

Астанада Forte Clinic-тің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Тергеу мәліметінше, ол 15 мыңнан астам азаматты заңсыз түрде емханаға тіркеп, кейін көрсетілмеген медициналық қызметтерді жүйеге енгізу арқылы МӘМС қорынан заңсыз қаржы алған. Мемлекетке келтірілген шығын 79 млн теңгеден асты. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Алматы облысында екі стоматологиялық клиниканың басшысы 4,5 мыңнан астам жалған медициналық қызмет рәсімдегені үшін кінәлі деп танылды. Тергеу дерегінше, мемлекетке 66 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Сот оған 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→