weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандағы мәслихат сайлауына 35,8 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге бюджеттен 35,8 млрд теңге жұмсалады. Қаражаттың басым бөлігі, яғни шамамен 25 млрд теңге сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбекақысын төлеуге бағытталады.

Қазақстандағы мәслихат сайлауына 35,8 млрд теңге бөлінеді
Фото: ашық дереккөз

Бұдан бөлек, кандидаттарға өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялау үшін 500 мыңнан 700 мың теңгеге дейін қаражат бөлінеді. Бұл сома 2023 жылғы сайлаумен салыстырғанда 1,5 есе өскен.

Мәслихат депутаттығына шамамен 11 мың кандидат үміткер болады деп күтілуде. Орта есеппен әрбір депутаттық мандатқа үш үміткерден келеді.

Дауыс беру 29 қарашада өтеді. Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. Осыдан кейін тыныштық күні басталады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер