weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қарағанды облысында темір мен марганец кенін заңсыз өндірген

Қарағанды облысында Балқаш қаласына қарасты Саяқ ауылының маңында темір мен марганец кенін заңсыз өндіру фактісі анықталды. Заңсыз жұмыстарды «Vertex Co.» және «MiningMetall» ЖШС директорына қатысты тергеу аясында анықтаған. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Қарағанды облысында темір мен марганец кенін заңсыз өндірген
Фото: Видео үзіндіден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мәліметінше, кен өндіру жұмыстары жер қойнауын пайдалануға тиісті құқықсыз және қажетті рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген.

Кен орындарын игеруге жалдамалы жұмысшылар мен арнайы техника тартылған. Олардың қатарында экскаваторлар, тиегіштер, кен ұсататын қондырғылар мен самосвалдар болған. Өндірілген кен ұсатылып, кейін сату және сыртқа шығару үшін теміржол станциясына жеткізіліп отырған.

Тексеру барысында жердің үстіңгі қабаты ауқымды көлемде аршылып, кен қазылған үш карьер анықталды. Қазылған топырақтың жалпы көлемі 338 мың текше метрге жеткен.

Мамандардың есептеуінше, бүлінген жерді қалпына келтіріп, карьерлерді қайта өңдеуге жарамды күйге келтіру үшін 485 млн теңге қажет.

Соттың санкциясымен екі арнайы техникаға, бір автокөлікке және коммерциялық үй-жайға тыйым салынды. Күдіктіге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер