Ақтөбе қаласының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында инфрақұрылымдық жобалар бойынша келісімшарт талаптарын орындамаған мердігерлерге қатысты тиісті шаралар қабылданбағаны анықталды.
Атап айтқанда, тапсырыс берушілер шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге арналған сомалар мен берілген аванстарды жосықсыз мердігерлерден өндіріп алу бойынша шаралар қолданбаған.
Сонымен қатар қаланы абаттандыруға арналған арнайы техника сатып алу кезінде бюджет қаражатының 556 млн теңгеден астамы артық төленгені белгілі болды.
Тексеру қорытындысы бойынша мемлекет пайдасына 1,3 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді. Заңбұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.