weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Олжас Бектенов өрт қаупі кезеңіне дайындықты талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізді. Жиында 2026 жылғы өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселелері қаралды,— деп хабарлайды newsroom.kz

Олжас Бектенов өрт қаупі кезеңіне дайындықты талқылады

«Өрт қаупі бар кезең болса енді ғана басталып жатыр. Бірқатар өңірде табиғи қорықтар мен орман шаруашылықтарының аумағы жанды. Далалы жерлерде де өрт ошақтары күн сайын тіркеледі. Даладан басталған қызыл жалын орман қорына ауысуы мүмкін. Өрттер флора мен фаунаға айтарлықтай зиян келтіреді. Барлық қызметтер жедел әрекет етуге дайын болуы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өз кезегінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, жыл басынан бері еліміздің орман алқаптарында жалпы ауданы 794 гектардан асатын 36 өрт тіркелген. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, 2026 жылдың көктем-жаз маусымы қалыпты көрсеткіштен 1-2 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Сәуір айының екінші жартысында оңтүстік және батыс өңірлерде ауа температурасы +25...+35°C-қа дейін көтерілуі мүмкін. Осыған байланысты табиғи өрттер қаупін азайту жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары жүзеге асырылып, орман және табиғатты қорғау мекемелерін техникалық жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өрт қаупі анақұрлым жоғары аумақтарда тілсіз жауды ерте анықтау жүйелері енгізілуде.

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов табиғи өрттерге жедел әрекет етуге арналған күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады. Ел бойынша 50 мыңнан астам жеке құрам және 11 мыңға жуық техника дайындыққа келтірілді. Бұған қоса, Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағында 5 мыңнан астам қызметкер, 853 техника, 26 әуе кемесі және 218 ұшқышсыз ұшу аппараты бар.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→