Жаңа ережеге сәйкес, туу мен өлімді мемлекеттік тіркеу бұрынғыдай тегін болып қала береді. Ал басқа қызметтер үшін мемлекеттік баж мөлшері белгіленді.
Мәселен, аты-жөнін немесе әкесінің атын өзгерту үшін 1 725 теңге төлеу қажет.
Некені тіркеу – 3 450 теңге болса, ерлі-зайыптылардың өзара келісімімен ажырасу 6 900 теңге тұрады. Ал кейбір ерекше жағдайларда ажырасуды тіркеу құны небәрі 345 теңге болады.
Сонымен қатар:
Қайта берілетін куәліктер – 3 450 теңге;
Қағаз түріндегі анықтамалар – 1 035 теңге;
Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы алынатын электронды анықтамалар – тегін.
Ал ТМД елдерінен құжат сұрату 1 725 теңге, басқа мемлекеттерден алу 3 450 теңге көлемінде белгіленген.
Жаңа тарифтер азаматтық хал актілерін тіркеу жүйесін реттеу мақсатында енгізіліп отыр.