Қоғамда «әйел – нәзік, күтім күтетін жаратылыс, ал ер адам – жауапкершілік арқалаушы» деген түсінік қалыптасқан. Ер адам отбасын қорғап, табыс тауып, ауыртпалықты көтеріп жүреді деген ой әлі күнге дейін берік. Бірақ бір жайт жиі назардан тыс қалады: ер адамдар да қамқорлық, мейірім, жылы сөз күтетін жаратылыс.
Психологтар соңғы жылдары ер азаматтардың да эмоционалдық қажеттіліктері бар екенін көбірек айтуда. Өкінішке қарай, ерлердің көпшілігі бұл қажеттіліктерін айтпайды, себебі «әлсіз көрініп қалудан» немесе «еркектікке жатпайды» деген стереотиптерден қорқады.
Ал шын мәнінде, отбасын ұстап тұрған – екі жақтың да көңілі, эмоционалдық қолдауы.
Төменде ер адамдардың әйелінен көбіне күтетін басты 7 қажеттілігін жинақтадық.
1. Құрмет – еркектің басты қажеттілігі
Кез келген сауалнамада ер адамдар ең бірінші орынға құрметті қояды.
Ер азамат өзін отбасының тірегі ретінде сезінгісі келеді.
Оған әйелінің:
- сенім артуы,
- қабылдауы,
- шешімдерін сыйлауы
өте маңызды.
Құрмет көрсетілген ер адам өз отбасына екі есе жауапкершілікпен қарап, одан сайын қамқор бола түседі.
2. Жылы сөз бен эмоционалдық қолдау
Көп әйел ерлерге жылы сөздің қажеті жоқ деп ойлайды. Бірақ өзіне бір ауыз «Жарайсың!», «Саған сенемін», «Үйге келгенің қандай жақсы» деген сөз естіген ер адамның көңілі өседі.
Олар көбіне сыртқа эмоциясын шығармайды, іште сақтайды. Сол себепті әйелдің қолдауы, жылы сөйлеуі, жанашырлық танытуы – ер адамның шаршауын басып, жігерін арттырады.
3. Үйдегі жайлылық пен тыныш атмосфера
Ер адам үшін үй – «саяси», «қақтығыс» немесе «қысым» ортасы емес, керісінше тынығатын, демалатын, жанын қалпына келтіретін» орын болуы керек.
Әйелдің мінсіз үй шаруасын жасауы міндет емес, бірақ:
- дауыс көтермеу,
- ұсақ-түйекке бола сынға ала бермеу,
- үйде жағымды атмосфера қалыптастыру
ер адамды эмоционалдық тұрғыдан қауіпсіз сезіндіреді.
4. Нәзіктік, жақындық және әйелдік энергия
Көп ер адам мойындамаса да, олар әйелінен нәзіктік күтеді.
Әйелдің:
- жұмсақ сөйлеуі,
- әйелдік энергиясы,
- өзінің қасында сенімді әрі жылы болуы
ер азаматқа ерекше әсер етеді.
Жаны сұрап тұрған нәрсе – дәл осы эмоционалды жылулық.
5. Сенім мен еркіндік
Ер азаматтар үшін әйелдің сенімі – ең мықты мотивация.
Оған шектен тыс бақылау, күмәндану, қызғану ұнамайды.
Психологтар да растайды:
ер адамға сенім артқан әйел – ең тартымды әйел.
Сенім жоқ жерде ер адам эмоционалдық тұрғыдан тұтылады, ал сенім бар жерде өрлей түседі.
6. Өзіне деген қызығушылық
Еркектер сырттай салқын көрінгенімен, олар да әйелінің назары мен уақытын күтеді.
Олар үшін маңызды:
- әйелі оның әңгімесін тыңдаса,
- ісіне қызығушылық танытса,
- қолынан келетін нәрсесін мақтаса.
Шын мәнінде, ерлер де "внимание" күтеді – бірақ оны тілемейді.
7. Құрметті диалог және түсіністік
Ер адам үшін әйелінің әр нәрсені айғаймен, талаппен емес, әдеби, сабырлы түрде жеткізуі өте маңызды.
Психологтар:
«Ер адамда басшы болуға деген табиғи қажеттілік бар. Әйел оның пікірін құрметтеп сөйлесе, ол жауапкершілікті одан сайын сезінеді» дейді.
Сөйлескенде:
- мазақтамау,
- кемсітпеу,
- ер адамның намысына тимеу
отбасылық қарым-қатынасты мүлде басқа деңгейге көтереді.
Қорытынды
Ер азаматтар жауапкершілік арқалап, отбасын қамтамасыз еткенімен, олар да ішінен әлсіз, нәзік, қамқорлыққа мұқтаж жандар.
Оларға керегі көп емес: құрмет, жылулық, сенім және көңіл бөлу.
Әйел адам ерінің эмоциялық қажеттіліктерін түсінген кезде, ер адам да әйеліне екі есе қамқор, мейірімді, берік серікке айналады.
Мықты отбасы – екі адамның да бір-бірінің жүрегін тыңдай білуінде.