weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Неке мерзімі аяқталды» қазақстандықтарға келген хабарламаға сенбеңіз

Қазақстандықтарға некені «ұзарту» туралы жалған хабарламалар таралып жатқаны ескертілді. Алаяқтар банк қосымшалары арқылы азаматтарға неке тіркеу мерзімін ұзарту қажет деген мазмұнда хабарлама жіберіп жатыр. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.
 

«Неке мерзімі аяқталды» қазақстандықтарға келген хабарламаға сенбеңіз
Фото: Жасанды интеллект

ҚР Әділет министрлігінің мәліметінше, мұндай хабарламалар — алаяқтықтың жаңа тәсілі. Қазақстанда неке бір рет тіркеледі және оның жарамдылық мерзімі болмайды. Сондықтан некені қайта тіркеу немесе «ұзарту» қажет емес. Алаяқтар жалған сілтемелер арқылы азаматтардың жеке немесе банк деректерін алуға тырысуы мүмкін.

Министрлік күмәнді сілтемелерге өтпеуге, банк картасының деректерін, құпиясөздер мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеуге шақырды.

Егер осындай хабарлама келсе, ақпаратты тек мемлекеттік органдардың ресми ресурстарынан тексерген жөн.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→