weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Некеге мәжбүрлегендерге – 10 жылға дейін жаза беріледі

Қылмыстық кодекс жаңа 125-1-баппен толықты. Ол некеге мәжбүрлеу әрекеттеріне қылмыстық жауаптылық жүктейді.

Некеге мәжбүрлегендерге – 10 жылға дейін жаза беріледі
Фото: massaget

Заң бойынша қорқытып, бопсалап, күш қолданып немесе өзге де қысым көрсетіп некеге отырғызғандар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал егер мұндай әрекеттер ауыр салдарға әкелсе, жаза мерзімі 10 жылға дейін ұзартылады.

Бұл заңға Президент 2025 жылғы 16 шілдеде қол қойған.

Соңғы бес жылда елде осындай 257 іс тіркелген, бірақ олардың 95%-ы тергеу барысында тоқтатылған.