weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бозжыра әлемдегі ең әсерлі шөлейт өңірлердің бірі атанды

Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалы әлемде бір рет болса да көруге тұрарлық ең әсерлі шөлейт аймақтардың қатарына енді.

Бозжыра әлемдегі ең әсерлі шөлейт өңірлердің бірі атанды
Фото: m.ticketon.kz

Ұлыбританияның беделді басылымы The Telegraph Бозжыраны әлемдегі үздік он шөлейт өңір тізіміне қосты. Материал авторы — 25 жылдан астам уақыт бойы әлемнің түрлі аймақтарын зерттеп келе жатқан саяхатшы әрі журналист Сара Маршалл.

Мақалада Маңғыстау өңірі Каспий теңізі жағалауындағы бірегей геологиялық ландшафттар мекені ретінде сипатталады. Әсіресе Үстірт жазығындағы Бозжыра шатқалының әктасты шыңдары мен ерекше бедеріне айрықша назар аударылған.

Автордың айтуынша, бұл аймақта туристік инфрақұрылым енді ғана дамып келеді. Соның арқасында саяхатшылар табиғатты бастапқы, бұзылмаған қалпында тамашалай алады.

Бозжыра Сахара, Атакама, Намиб, Антарктида, Вади-Рам, Калахари, Гоби, Колорадо үстірті және Руб-эль-Халисекілді әйгілі табиғи өңірлермен бір тізімде аталды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→