Рейтингте Алматы 265-орынға, ал Астана 281-орынға орналасты. Қалалар экономика, адам капиталы, өмір сапасы, қоршаған орта және басқару көрсеткіштері бойынша бағаланған.
Қазақстанның екі мегаполисі адам капиталы санатында жоғары көрсеткіш көрсетті. Бұл бағыт білім, еңбек нарығы, білікті мамандардың әлеуеті және қаланың таланттарды тарту мүмкіндігі сияқты факторларды қамтиды.
Oxford Economics дерегіне сәйкес, Алматы адам капиталы бойынша әлемде 66-орында, ал Астана 98-орында тұр.
Қазақстан қалаларының ішінде Алматы мен Астана рейтингте ең жоғары нәтижеге ие болды. Сонымен қатар екі қала Орталық Азиядағы өзге ірі қалалардан да жоғары орналасты.
Oxford Economics Global Cities Index қалалардың қазіргі жағдайын ғана емес, олардың экономикалық және әлеуметтік даму әлеуетін де бағалайды. Ұйымның мәліметінше, 2026 жылғы рейтингте Солтүстік Америка мен Еуропа қалалары алдыңғы қатарда қалып отыр, ал Азияның ірі қалалары әлемдік өсімнің негізгі орталықтарының біріне айналып келеді.