Кездесу «Бернлидің» алаңында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. «Мидлсбро» 23-минутта Эйден Морристің голымен есеп ашса, алаң иелері екінші таймда таразы басын теңестірді. 54-минутта Уго Рагубер көзге түсті.
Дастан Сәтпаев алаңға «Бернлидің» негізгі құрамында шықты. Қазақстандық шабуылшы 80 минут ойнап, кейін алмастырылды. Матч барысында ол екі рет қақпаға соққы жасап, 18 пастың 17-сін дәл жеткізді. Сондай-ақ 31 рет допқа тиіп, төрт жекпе-жектің үшеуінде жеңіске жетіп, бір нәтижелі доп тартып алу әрекетін жасады.
Сәтпаевтың бұл көрсеткіші оған матчтың үздік ойыншысы атағын алуға мүмкіндік берді. Бұл — оның «Бернли» сапындағы алғашқы жеке марапаттарының бірі.
Айта кетейік, 18 жастағы Сәтпаев «Бернлиге» «Челсиден» 2026 жылғы тамызда маусым соңына дейін жалға берілген.