Панажай иесі Александр Котеляның айтуынша, иттерге дротикпен оқ атылған.
Котеляның сөзінше, ол тазы тұқымын 20 жылдан астам уақыт бойы сақтаумен айналысып келеді, ал иттерді ату деректері соңғы бірнеше апта бойы жалғасып келеді. Бұл жайт қоршау мен бейнебақылау камераларының бар екеніне қарамастан орын алған.
Осыған ұқсас тағы бір жағдай Қарағанды қаласындағы жеке үйлердің бірінде тіркелген. Бейнекамералар арқылы иттерге оқ атқан адамның кім екені анықталып, оның ветеринарлық станция қызметкері екені белгілі болған. Котеляның айтуынша, екі жағдайда да күдікті жеке аумаққа заңсыз кірген.
Облыстық полиция департаменті аталған адамның жеке басы анықталғанын растады. Алайда 17 қаңтарда түскен арыз қараусыз қалдырылып, жәбірленушіге бұл істі азаматтық сот тәртібімен қарау ұсынылған.