Төтенше жағдайлар департаментіне көліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама сағат 11:09-да түскен.
Ведомство мәліметінше, көліктің қозғалтқыш бөлігіндегі жанғыш бөлшектер мен салон қаптамасы өртенген. Өрттің жалпы аумағы 4 шаршы метрді құраған.
Өрт сөндірілді. Алайда көлік иесі өртті өздігінен сөндіруге әрекет жасаған кезде күйік алған. Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартқан.
Өрттің шығу себебі әзірге айтылған жоқ.