Өрт ошақтарының бірі Қарағанды облысында анықталса, қалған екеуі «Семей орманы» және «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваттарының аумағында тіркелген.
Өртпен күреске мамандар жұмылдырылды
Тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері мен арнайы техника тартылған. «Қазавиаорманқорғау» мамандары жағдайды әуеден бақылап, жердегі өрт сөндіру жұмыстарына қолдау көрсетуде.
Өрттер бақылауда
Қазіргі таңда мамандар өрт ошақтарын оқшаулап, толық сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда.