"Головкин менің соққыларымнан сескенді"

Альварес Головкинмен болған 3-ші жекпе-жек туралы пікір білдірді

фото: mma.metaratings.ru

Орта салмақтағы бокстан әлем чемпионы мексикандық Сауль Канэло Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен болаған үшінші төбелесі туралы "One on One" ютуб каналына берген сұхбатында айтты,-  деп хабарлайды newsroom.kz.

"Иә, мен оны нокаутпен ұтқым келді. Төбелесті мұқият қарасаңыздар, оның нокауттан қашып жүргенін байқайсыздар. Оң қолмен жұдырықтасуды ойын бойы бастамады. Менің контршабуылдарымнан сескеніп, қатты соққыларын да қолданбады. Уақытынан бұрын жеңіліп қалмауды көздесе керек, Сонымен қатар сол қолым аздап жарақаттанып, мәселе болып қалды," - деді мексикалық боксшы.

Айта кетейік, қыркүйекте Лас-Вегастың "T-Mobile" аренасында өткен мексикандық Сауль Канэло Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкиннің арасындағы болған үшінші жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілер шешімімен Сауль Альварес жеңіске жеткен еді.

Жүктелуде...