Федерация президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, спортшының сынамасынан табылған мельдоний шұғыл медициналық көмек көрсету барысында қолданылған. Тергеу нәтижесінде препаратты артықшылық алу мақсатында әдейі пайдаланғаны анықталмаған. Боксшының әрекеті абайсыздық ретінде бағаланған.
Қорытынды шешім бойынша Әлімханұлы 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап бір жылға спорттан шеттетілді. Сонымен қатар оған айыппұл салынды, міндетті антидопингтік курс пен дисквалификация мерзімі аяқталғаннан кейін қайта тестілеуден өту талабы қойылды.
Чемпиондық атағы спортшыда сақталып қалды. Қазір өзге халықаралық ұйымдардың шешімі күтілуде.
Боксшының өзі шешімге қанағаттанатынын айтып, желтоқсанда шаршы алаңға оралатынын мәлімдеді.
«Чемпиондық белбеуді сақтап қалдық. Желтоқсанда ораламыз. Қолдау көрсеткендердің бәріне рақмет», — деп жазды ол.