Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақ боксында сенсация! Әлем чемпионатында Қазақстан 7 алтын жеңіп алды!

Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін тарихи нәтижемен аяқталды. Жерлестеріміз қоржынға 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль салды.

Қазақ боксында сенсация!  Әлем чемпионатында Қазақстан 7 алтын жеңіп алды!

Алғашқы алтынды елге Санжар Тәшкенбай сыйлады. Ол моңғол боксшысы Алдархишиг Баттулгуды жеңіп, екі дүркін Әлем чемпионы атанды.

Алғашқы қыздар жетістігін Назым Қызайбай көрсетті. Ол финалда үндістандық Минакшиге есе жіберіп, күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Екінші алтынды Махмұд Сабырхан иеленді. 55 келі салмақта ол испан боксшысы Рафаэль Лозано Серраноны тізе бүктіріп, екі дүркін чемпион атанды.

Үшінші алтынды Алуа Балқыбекова әкелді. Ол түркиялық қарсыласын жеңіп, 51 келіде әлем чемпионы атанды.

Төртінші алтынды Аида Әбікеева қоржынға қосты. 65 келіде өзбекстандық Навбахор Хамидованы айқын басымдықпен ұтып, екі дүркін чемпион болды.

Бесінші алтынды 19 жастағы Төрехан Сабырхан еншіледі. Жас боксшы 70 келі салмақта жапон спортшысы Сеуонрец Оказаваны жеңді.

Алтыншы алтынды Наталья Богданова иемденді. Ол финалда Жаңа Зеландия өкілі Лекейша Перголитиді айқын ұтты.

Жетінші, шешуші алтынды Айбек Оралбай алып берді. 92 келі салмақта ол өзбек боксшысы Жахонгир Закировты жеңіп, чемпионаттағы нүктені қойды.

Қола медальдарды ел қоржынына Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Ливерпуль төрінде 7 алтын, 1 күміс медаль олжалап, командалық тұрғыдан зор жетістікке жетті.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату