Кеген ауылында бұл мүсіннен бөлек, жергілікті балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтың аты берілді,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Алматы облысының әкімі Нұржан Құдайбергенов Заманбек Нұрқаділовтың елге сыйлы қайраткер болғанын атап өтті. Оның халық алдындағы абыройы мен мәртебесі әрдайым жоғары екенін де қосты.
Мүсіннің ашылу салтанатынан кейін З.Нұрқаділовтың өмірі жайлы «Тек өзім жайлы емес» атты кітабының 300 данасын халыққа таратып берді.