Отбасы мен балалық шағы
Тұрсынбек алты балалы отбасында екінші болып дүниеге келген. Үш ұл, үш қыздан тұратын әулеттің ағасы Мырзабек бүгінде әзілкештің негізгі серіктесі әрі шығармашылық жобаларындағы көмекшісі саналады. Анасының аты – Талиға, балалары оны “Типа” деп еркелетеді.
Бірінші әйелі – Мөлдір Мұқанова. Одан бес бала сүйді: қыздары Әдемі, Айым, Айару, ұллар Нұриман мен Райымбек.
Шопаннан сахнаға
Мектеп бітірген соң бірден оқуға түспей, ауылда шопан болып жұмыс істеген. Кейін Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияға қабылданып, өнер жолын бастайды. 2001 жылы КВН-ге қатысып, “Аграрка сарбаздары”, “Астана.kz”, “Казахи” секілді командаларда ойнады. Өз сөзінше, алғашқы концертін қойларға беріп, импровизацияны сол кезде үйренген.
Астанаға алғаш келген жылдары пәтерсіз, киімсіз жүрген сәттері де болған. Кейін өнердегі табандылығы арқасында “Дала дарындары” байқауында жеңімпаз атанып, елге таныла бастады.
Мөлдірмен таныстығы және алып қашу оқиғасы
Болашақ жары Мөлдірмен Сәкен Сейфуллин атындағы аграрлық университетте танысады. Бастапқыда қыз оған назар аудармаған. Бірақ Тұрсынбек алған бетінен қайтпай, 8 айдай кездесіп жүрген соң сүйіктісін алып қашады. Ол кезде Мөлдір 3-курста оқып жүрген, небәрі 20 жаста еді.
Мөлдір алғашқыда Оралға келін болып барғанында жергілікті салтқа таң қалғанын, әйелдердің орамал тақпайтынын, сәлем салмайтынын айтқан. “Басымда орамал жоқ” деп көліктен түспей қойған екен.
Тұрсынбек болса сол кезді әзілмен еске алған: “Мөлдірге сәлем салған ұнайды, бірақ қабылдайтын адам болмай жүр”, – дейді ол бір сұхбатында.
Мөлдірдің сұхбатынан кейін...
Бірақ көпшіліктің сүйікті жұбы болған Тұрсынбек пен Мөлдірдің отбасылық өмірі соңғы жылдары өзгеріске түсті. Бірнеше күн бұрын ғана Мөлдір Мұқанова ашық сұхбат беріп, олардың ажырасып кеткенін растады.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Тұрсынбектің екінші рет үйленгені туралы ақпараттар тараған еді. Өзі бұл тақырыпта ашық пікір білдірмегенімен, қоғам бұл жаңалыққа бейжай қараған жоқ.
Өнердегі жолы
Қабатов КВН мен “КТА” қозғалысын дамытып, “Назар аудар”, “Әзіл әлемі” секілді жобаларды ашты. Оның айтуынша, бұл жобалар табыс әкелмесе де, жастарға мүмкіндік беруді мақсат етеді:
“КТА – мен үшін бала сияқты. Одан ақша күтпеймін. Бұл – арманымның жалғасы.”
Сондай-ақ, ол асабалық қызметін де қатар жүргізеді. Бір кездері гонорары 5 мың доллар болса, соңғы жылдары 15 мың долларға дейін көтерілген. “Тоймен емес, өнермен айналысқым келеді” дейді ол сұхбаттарында.
Әкесі мен отбасы туралы
Әзілкештің әкесі жүргізуші болып жұмыс істеген, мінезі қатал болғанымен, отбасына адал адам еді. Тұрсынбек 6-сыныпта әкесінің Воронежден әкелген ақ кроссовкасын ерекше сыйлық ретінде еске алады.
Балаларына деген көзқарасы
Тұрсынбек қыздарына өте жақын болған. Ол олардың құлағын теспеген, себебі болашақ жарлары сырға салуға келген күні тесіп бергісі келіпті. Қыздарымен ашық сөйлесіп, өмірлік тақырыптарды талқылаудан қашпайтыны туралы ақпараттар тараған.
“Қыздарым өмірді дұрыс түсінсін деп, физиология мен адалдық туралы өзім айтамын. Өйткені ол тақырыпты өзгеден естімегені жақсы,” – деген ол бір сұхбатында.
Алайда, Мөлдір ханым соңғы берген сұхбатында оның телефонынан балаларын да блоктап қоятынан айтқан.
Кезінде қойға ән салған ауыл баласы бүгінде елге танымал тұлғаға айналды. Алайда әзілкештің өмірі сахна сыртында да түрлі сын мен өзгерістерге толы болып отыр.