weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Суицидке жеткізді»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекке қатысты ащы шындықпен бөлісті

Актриса Мөлдір Мұқанова Жанар Байсеміздің YouTube подкастына берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді.

«Суицидке жеткізді»: Мөлдір Мұқанова Тұрсынбекке қатысты ащы шындықпен бөлісті
Коллаж SN.KZ

Өнер жұлдызы бұл ақпаратты алғаш рет ашық айтып, көпшілікті таңғалдырды,- деп хабарлайды Newsroom.kz ақпараттық сайты Janar Baisemiz YouTube арнасына сілтеме жасап. 

Белгілі әзілкеш, продюсер Тұрсынбек Қабатов пен актриса Мөлдір Мұқанова бірнеше жыл бұрын шаңырақ көтерген болатын. Олардың жұбайлық өмірі шоу-бизнес көрермендерінің назарында жүрді. Алайда соңғы жылдары көпшілік оларды бірге көрмей, жанкүйерлер арасында түрлі сұрақтар туындаған еді.

Сұхбат барысында Мөлдір Мұқанова жеке өміріндегі өзгерістер туралы қысқа да нұсқа жауап берді:

«Иә, біз ресми түрде ажырастық. Жанжал уақытында мен 24-ші қабаттан секіріп кетпекші болдым. », – деді актриса.

Мөлдір жеке өмірін жария етуге аса құлық танытпайтынын, дегенмен халық алдындағы адам болғандықтан кей жайттарды жасырмай айтуды жөн көргенін атап өтті. Оның айтуынша, бастысы – балалардың амандығы мен бақытын ойлау.

Қабатов тарапынан әзірге ешқандай ресми түсініктеме берілген жоқ. Көрермендер мен желі қолданушылары актерлік жұптың ажырасқанына қатысты түрлі пікір білдіруде.

Қоғам назарына жиі ілінетін жұлдыздар өміріндегі бұл өзгеріс көпшіліктің қызығушылығын оятып отыр. Дегенмен Мөлдір Мұқанова шығармашылық жолын жалғастырып, жаңа жобаларға кірісіп кеткенін жеткізді.