Кадрлардан Қанат Әлжаппаров, Қайрат Әділгерей және Әбдіжаппар Әлқожа сияқты белгілі әртістердің асаба болып, құттықтау айтып тұрған сәттері көрінеді. Бұл жағдай желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.
Көпшілік “бәрі білген, бірақ үндемеген” деп жазса, кейбірі “мүмкін бұлардың да екінші әйелдері бар шығар” деген пікір қалдырған.
“Мен таңғалып отырмын. Бәрі білген екен. Бұл — тоқалының туған інісінің 1 жас тойы, Тұрсынбек күйеу бала. Сурет 2022 жылдан. Қасында Қанат, Қайрат, Әбдіжаппар бар”, — деп жазды желі қолданушыларының бірі.
Айта кетейік, соңғы уақытта Тұрсынбектің жары Мөлдір Мұқанның желідегі белсенділігі артқан. Ол жуырда күйеуінің ауыр кезеңдерінде жанынан табылғаны туралы жазба жариялап, елдің жылы пікіріне ие болды.
Ал әзірге Тұрсынбек Қабатов бұл жағдайға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.