Алайда кейбір желі қолданушылары әзілкештің денсаулығына алаңдаулы. Олардың бірі Тұрсынбектің концертіне барып, оның сөзінен кейін алаңдағанын айтады.
"Тұрсынбектің биылғы концертіне бардым. Сол жерде өзі жақында ғана ауруханадан шыққанын айтты. «Алдарыңызда жарты баспен тұрмын», деді. Басына ота жасалған екен. Шашын өсіріп, жапқанымен, белгісі білініп тұр. 100 жасасын, Мөлдір аман жүрсін", – деп жазды көрермендердің бірі пікірінде.
Қазіргі таңда Қабатовтың денсаулығына байланысты ресми ақпарат тараған жоқ.