«Аталған тұлғаға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау санкциясы берілді. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде», — деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Екатерина Бивол бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындарына қарсы арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер жасап жүрген болатын.
Қырғызстанда оған қатысты іс қозғалып, сырттай қамауға алу туралы шешім қабылданған.
Ал Қазақстанда іздеу жарияланғаннан кейін Бивол әлеуметтік желіде жаңа видео түсіріп, өзін «қазақтар қудалап жатыр» деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол адвокатын алға тартып, қорқытқандай болған.
Желі қолданушылары оның бұл әрекетін тағы да әдеттегі даулы, арандатушы мінезінің көрінісі деп бағалап отыр.