Бұл әрекеті үшін Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы бойынша іс қозғалды. Аталған бап нәсілдік және ұлттық араздықты қоздыруға қатысты, жазасы 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Полиция мәліметінше, 1990 жылы туған Бивол тергеу изоляторы №21-ге жеткізілуі тиіс.
Бұған дейін қырғызстандық бес адвокат оның мәлімдемесіне құқықтық баға беруді талап етіп, Ресейге дейін жетуге дайын екенін мәлімдеген.
Екатерина Бивол – Қырғызстанда туған, кейін Ресей азаматтығын алған, боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы.