weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сақина үшін құтқарушыларды шақыртты

Қызылордада жас әйел саусағынан сақинаны шеше алмай, төтенше жағдайлар қызметіне жүгінді. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен әшекейді мұқият кесіп, оның саусағын босатты.

Сақина үшін құтқарушыларды шақыртты
Фото: ТЖМ

Қызылорда қаласының тұрғыны саусағындағы сақина қатты қысылып, ісіну пайда болғаннан кейін өздігінен шеше алмаған. Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласқаннан кейін, оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберілді.

Мамандар металл кесуге арналған арнайы құралдарды пайдаланып, сақинаны абайлап кесіп, қыздың саусағын зақымдамай босатты.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға осындай жағдай туындағанда өз бетімен әрекет етпей, 112 нөміріне хабарласуға кеңес береді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→