Олар: Абай, Ұлытау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы.
Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі. Мақсаты – жаңа бизнесті ашу және дамыту.
Гранттың мөлшері – 400 АЕК (1 572 800 теңге). Әр қатысушы грантты бір рет қана ала алады.
Грант алуға үміткер бола алады: тіркелген жұмыссыздар және жеке кәсіпкерлер (тіркелу мерзімі 3 жылдан аспауы тиіс).
Сонымен қатар үміткерлер келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуы қажет:
✅ мүгедектігі бар адамдар;
«қандас» мәртебесі бар тұлғалар;
✅ өңіраралық қоныс аударушылар;
аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
✅ көпбалалы отбасы мүшелері (ерлі-зайыптылардың бірі);
✅ мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған ата-ана (ерлі-зайыптылардың бірі);
✅ асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы алушылар.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздеріне оқығаны туралы, мерзімі үш жылдан аспайтын сертификаты болуы тиіс.
Грант мына мақсаттарға беріледі:
✅ қажетті құрал-жабдықтар, еңбек құралдары, технологиялық жабдықтар,
✅ мал мен құс, көшеттер мен бұталар, тұқым мен рассада сатып алу,
✅ ғимарат немесе үй-жай жалдау ақысын төлеу.
Гранттар берілмейді:
✅ тұтынушылық мақсаттарға
✅ несие мен қарызды өтеуге
✅ тұрғын үй сатып алу мен салуға
✅ жер учаскесін сатып алуға
✅ акциздік өнім өндіруге.
Өтінім қабылдау Business.enbek.kz порталында жүзеге асырылады.