weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанда халықаралық есірткі желісіне адам тартқан арна жойылды

Қазақстан ІІМ шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп, адамдарды халықаралық есірткі бизнесіне тартқан қылмыстық арнаның жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Newsroom.kz Polisia.kz ге сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда халықаралық есірткі желісіне адам тартқан арна жойылды
Фото: Polisia.kz

Арнайы операцияға Қазақстан, Украина, Албания құқық қорғау органдары, Интерпол және АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасы қатысты.

Қылмыстық топ адамдарды жоғары жалақы ұсынатын жұмысқа шақыру арқылы есірткі желісіне тартқан. Олардың арасында call-орталық операторлары, курьерлер, логистер және қойма қызметкерлері болған.

Украинада жүргізілген тінту барысында 31 есірткі дүкені анықталып, жүздеген адамның қылмыстық схемаға тартылғаны белгілі болған. Қазақстан мен Украина аумағында ондаған тінту жүргізіліп, желінің белсенді мүшелері ұсталды.

Тергеу барысында қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен басқа да қатысушылары анықталып жатыр.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→