Атап айтқанда, мектеп түлектері АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Франция, Австралия, Қытай, Гонконг, Люксембург, Португалия, Чехия және Біріккен Араб Әмірліктерінің жетекші университеттерінен қабылдау ұсыныстарын алған.
Оқушылардың жеке жетістіктеріне тоқталатын болсақ:
• Айлара Беркинбаева 42 қабылдау ұсынысын иеленіп, жалпы сомасы 1 миллиард 400 миллион теңге (2,8 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа қол жеткізді;
• Амир Жанибек 36 қабылдау ұсынысын алып, 1 миллиард 500 миллион теңгеден (3 млн АҚШ долларынан) астам грант иегері атанды;
• Нурали Дженалаев 35 қабылдау ұсынысын иеленіп, 1 миллиард 250 миллион теңге (2,5 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа ие болды;
• Сардар Шерали 31 қабылдау ұсынысын алып, 1 миллиард 50 миллион теңге (2,1 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа қол жеткізді.
• Айзере Азбергенова 20 қабылдау ұсынысын иеленіп, 750 миллион теңге (1,5 млн АҚШ доллары) көлеміндегі грантқа ие болды.