Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Бұл сот отбасыма кері әсер етті – Айжан Аймағанова

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінде мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова тағы бір көлемді сұхбат беріп, жеке өмірі мен соттан кейінгі өзгерістер жайлы әңгімеледі

Бұл сот отбасыма кері әсер етті – Айжан Аймағанова
Бишимбаев және Айжан Аймаганова | Kursiv.kz

Бұл жолы ол журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, қоғамдағы танымалдықтың өзіне оңайға соқпағанын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі kznews.kz сайтына сілтеме жасап. 

– «Бұл сұхбатты 1,5 жыл күттім. Сіз осы уақыт ішінде медиа-тұлғаға айналдыңыз. Танымалдыққа үйрендіңіз бе?» – деген сауалға Аймағанова:

– «Табиғатымнан тұйық адаммын. Бұрын қарапайым прокурор едім. Соттан кейін өмірім түбегейлі өзгерді. Қазір көшеге шықсам, адамдар танып, суретке түсіп жатады. Жақсылық тілеп жатқанына ризамын, бірақ мұның бәрі отбасыма да әсер етті. Жолдасыммен арамыз салқындап кеткен кездер болды, балаларым да қысым көрді. Соған қарамастан, уақыт өте қайтадан қарым-қатынасымызды қалпына келтіріп жатырмыз», – деп бөлісті.

Аймағанованың айтуынша, ол ешқашан танымал болуды мақсат етпеген, тек жағдайға бейімделуге тура келген.

– «Мені осы істен кейін танымал боласың деп алдын ала ескерткенде, бәлкім, қатыспас та едім. Танымал болуға үйрендім деп айта алмаймын, тек көндіктім», – дейді ол.

Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев 2023 жылдың қарашасында азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкеноваға қол көтеріп, оның өліміне себеп болған. 2024 жылғы сот үкімі бойынша ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал осы үдерісте мемлекеттік айыптаушы ретінде танылған Айжан Аймағанова өткір сөзімен елдің назарын аударып, көпшіліктің сүйікті прокурорына айналды. Қазір оның Instagram парақшасында 246 мыңнан астам жазылушы бар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату