Ержан Ашықбаевтың қызмет жолы
Ержан Ашықбаев 1974 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін тәмамдаған. Ол мемлекеттік басқару магистрі, халықаралық қатынастар маманы.
Дипломатиялық мансабын 1998 жылы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінде референт болып бастаған. Кейін министрліктің орталық аппаратында және Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде түрлі лауазымдарды атқарды.
2012 жылы Премьер-министр Канцеляриясы басшысының орынбасары әрі Үкіметтің ресми өкілі болды. 2012–2013 жылдары Президент Әкімшілігінің сыртқы саясат орталығын басқарды.
2021 жылдың сәуірінде Президент Жарлығымен Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол I классты төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесіне ие.
Кадрлық ауыс-түйістердің жалғасы
26 қыркүйекте Ақорда тағы да бірқатар маңызды шешім қабылдады. Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қызметінен кетіп, орнына Ермек Көшербаев келді. Ал Ержан Қазыхан Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылып, Женевадағы БҰҰ бөлімшесіндегі Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды.