Бұл туралы университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Қайрат Балабиев Facebook парақшасында жазды.
Оның мәліметінше, филиалда бакалавриат бойынша үш бағыт ұсынылады: Ағылшын тілі мұғалімі, компьютерлік инженерия, STEAM бағыты.
Ал магистратура мен докторантурада арнайы педагогика мамандығы бойынша білім алуға болады.
Оқу процесіне Гази университетінің профессор-оқытушылары тартылып, студенттерге халықаралық академиялық ортада білім алуға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға және бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Қазіргі таңда 2026–2027 оқу жылында «Ағылшын тілі мұғалімі» бағдарламасы бойынша 76 студент мемлекеттік грант негізінде білім алып жатыр.
Қабылдау талаптары қандай?
Алдын ала талаптарға сәйкес, талапкер ҰБТ-дан кемінде 100 балл жинауы керек. Сонымен қатар ағылшын тілін меңгеру деңгейі IELTS сертификаты бойынша кемінде 7.0 балмен немесе TOEFL-дің баламалы нәтижесімен расталуы тиіс. Халықаралық сертификаты жоқ талапкерлер арнайы емтихан тапсыра алады.
Университет алдағы 2027–2028 оқу жылына мемлекеттік білім беру гранттарының қажетті санын анықтау үшін филиалда оқуға ниетті талапкерлерді алдын ала есепке алуды жоспарлап отыр.
Толық ақпаратты университеттің ресми сайты – Okmpu.kz және әлеуметтік желідегі парақшаларынан алуға болады.