weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өзбек шекарашылары екі қырғыз азаматын атып өлтірді

25 тамызда Қырғызстан милициясына Айгыр-Жал ауылының екі тұрғыны жоғалғаны туралы хабар түсті. Ал 28 тамызда Өзбекстанның шекара қызметі мәлімдеме жасап, 15 тамыз күні Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан шекаралары түйісетін маңда өздерінің шекара жасағы белгісіз екі адамды байқағанын хабарлады.

Өзбек шекарашылары екі қырғыз азаматын атып өлтірді
Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан жағының ақпаратына қарағанда, оларды ұстау кезінде екеуі де талапқа бағынбаған. Шекарашылар қару қолданған. Салдарынан екі азамат та оқтан қаза тапқан.

31 тамыз күні қырғызстандық із-түзсіз кеткен азаматтардың туыстары Өзбекстанға барып, марқұмдардың кім екенін растады. Марқұмдардың денесі сараптама жасау үшін Қырғызстанға тапсырылды.

Екі елдің шекара қызметінің басшылары бірлесіп тергеу жүргізуге уағдаласты. Өзбекстан тарапы қаза болғандардың дүние-мүлкін – үш жылқы мен бір шатырды Қырғызстанға қайтаруға дайын екенін жеткізді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→