weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Сөзбен емес, самсамен»: Өзбектер Қазақстанға деген құрметін ерекше көрсетті

Қазақстан мен Қырғызстан арасында пікірталас қызған тұста Өзбекстанда дайындалған самса әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Себебі тағамның бетіне «Kazakhstan» деген жазу түсірілген.
 

«Сөзбен емес, самсамен»: Өзбектер Қазақстанға деген құрметін ерекше көрсетті
Фото: Видео үзіндіден

Кадрлар әлеуметтік желілерде тарап, қазақстандықтардың жылы пікіріне себеп болды. Желі қолданушылары өзбек шеберлерінің Қазақстанға деген ықыласын ерекше бағалап, бұл қадамды «сөзбен емес, самсамен көрсетілген құрмет» деп әзілмен жазып жатыр.

«Өзбектер вообще өз алдына бір деңгей екен  Қазақ пен қырғыз айтысып жатқанда, самсамен “Kazakhstan” деп жазып қойыпты», – деген пікірлер әлеуметтік желіде тарады.

Жазбаның астында қазақстандықтар өзбек халқына алғысын білдіріп, әзіл аралас жылы пікірлер қалдырған.

Ал бұл жолғы самса өзінің ерекше безендірілуімен көпшіліктің назарын аударып, екі ел арасындағы достықтың көңілді символына айналды. 

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→