Henley Passport Index рейтингі ел азаматтарының алдын ала виза рәсімдемей бара алатын бағыттарының санына негізделеді. Ол паспорт иелерінің халықаралық сапарларға шығу мүмкіндігін бағалайды.
Орталық Азия елдерінің рейтингтегі орындары төмендегідей:
• Қазақстан — 66-орын;
• Қырғызстан — 81-орын;
• Өзбекстан — 82-орын;
• Тәжікстан — 87-орын;
• Түрікменстан — 93-орын.
Рейтингте Сингапур паспорты әлемдегі ең мықты паспорт деп танылған. Ал үздік көрсеткіштер қатарында Жапония, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері және Швеция паспорттары бар.