Ведомство мәліметінше, есепті кезеңде мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізуге қатысты 1 598 деректің жолы кесілген.
Сонымен қатар 37 есірткі затына қатысты құқық бұзушылық және қару мен оқ-дәрілерді заңсыз тасымалдаудың 62 фактісі анықталған.
Айта кетейік, тамыз айында шекара кеңістігінде 5 588 заң бұзушы ұсталған. Оның ішінде 4 907-сі шетел азаматтары болған. Сол кезеңде тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 089 фактісі тоқтатылып, оның ішінде есірткіге қатысты 30 және қару мен оқ-дәрілерге қатысты 68 дерек тіркелген.