Уәде сөзіне сенген ата-аналар соңғы қаржысын беріп, қарыз алып, тіпті тұрмыстық техникасын да сатқан. Ақыры – грант та жоқ, ақша да жоқ. Залал көлемі шамамен 800 мың теңгені құрады. Әйел жұмыстан шығып, жасырынғанымен, полицейлер оны қолға түсірді.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғаушылар оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр», – деп хабарлады елордалық ПД.