Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Болашаққа қадам: Грант иегеріне тілектер

Бүгін Қазақстандағы мектеп бітірген түлектердің грант тізімі жарияланды. Осы орайда грант иегеріне тілектер топтамасын ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Болашаққа қадам: Грант иегеріне тілектер

Грантқа оқуға түсуіңмен 

• Сені грантқа оқуға түсуіңмен құттықтаймын! Саған студенттік өмір ерекше қызықты сәттерді сыйлай берсін! Жаңа өмір жолың мен оқу жылың сәттілікке толы болсын. Аспаның ашық болсын, өмірдегі барлық жақсылықтарды тілеймін! Оқуды озат бітіріп, білімді де білікті маман иесі атана бергейсің. Болашағың жарқын болсын! Жаратқан жар болып, басқан әрбір қадамың оң болсын!

Қызым грантқа оқуға түсуіңмен құттықтаймын! 

• Қызым, грантқа оқуға түсуіңмен құттықтаймын! Өмір жолың ашық болсын! Жүзіңнен күлкі кетпесін! Студенттік өмірің қуаныш пен шаттыққа толы болсын! Бар жақсылықты тілеймін. Тек қана алға! Қанаттарың талмасын! Биіктерге самғай түс, самғай түс! Аңсаған армандарыңа жетіп, діттеген мақсаттарың орындала берсін!

Құтты болсын Жиенжан! 

• Құтты болсын, Жиенжан! Бүгінгі грантқа оқуға түсіп ата-анаңды, бауырларың мен жаныңа жақын жандарды қуантып жатқаның. Сен үшін өте қуаныштымын. Студенттік өмірің Саған бар қызықшылығын көруді аллахым нәсіп етсін! Аспаның ашық, болашағың жарқын болсын! Алар асуың көп болсын, уайым қайғың жоқ болсын, Жиенжан! Біз, нағашыларың әрқашанда сендерге демеу болып, қастарыңнан табыламыз. Жаңа өмірге қадам басқан студенттік өмірің балдай тәтті болсын, Жиенжан!

Құрдасым, досым, шын досым! 

Досым сені бүгінгі грантқа оқуға түсуіңмен құттықтаймын! Саған зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Грантқа түскен оқуыңды үздік бағамен бітіріп, абырой беделің арта бер. Досым студенттік балдай тәтті бал өмірің қызықтарға толы болсын, досым! Ашық аспан, жүрер жолың ашық болсын! Қанаттарың талмасын, білімді де білікті маман иесі бола бер, тек қана алға! Жаратқан бір өзіңе жар болсын!

Құтты болсын Нағашы 

Құтты болсын Нағашы, грантқа оқуға түскенің. Саған студенттік өмір ерекше бар жақсылығын сыйлай берсін! Таңдаған мамандығың өмірлік серігіңе айналып, жемісін саған бере берсін! Аспаның ашық болып, күндіз күнің, түнде айың күлімдеп, жұлдыздарың жымыңдасын! Өмір жолың бақыт пен шаттыққа толы болсын!

Гранқа оқуға түсуіңмен құттықтаймын! 

Балам, сені грантқа оқуға түсуіңмен шын жүректен құттықтаймын! Студенттік өмірің қызыққа толы болып, оқуыңды озат, үздік оқуыңа тілекшімін. Балам білімді де білікті маман иесі болып шық. Жаратқан иеміз бір өзіңе жар болсын! Биік асуларды бағындыра бергейсің. Ақ жол!

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату