weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Нашар!»: Боқаев сәтсіз шыққан алғашқы видео үшін көмекшісін боқтады

Боқаевтың мобилографы Ұлан Нүсіпқожамен телефон арқылы сөйлескен әңгімесінің аудиожазбасы сот отырысында жарияланды. Онда Алматыда гранит тақталарды ұрлау әрекетін алдын ала жоспарланған түрде сахналаудың егжей-тегжейі талқыланған. Сараптама қорытындысы бойынша, жазбадағы дауыс Боқаевқа тиесілі.

«Нашар!»: Боқаев сәтсіз шыққан алғашқы видео үшін көмекшісін боқтады
Фото: ашық дереккөз

Кезекті сот отырысында іс материалдарын зерттеу барысында Боқаев пен оның мобилографы Ұлан Нүсіпқожаның телефон арқылы сөйлескен әңгімесі тыңдалды. Аудиожазбаға жүргізілген дауыстық-фонетикалық сараптама ондағы дауыстың Боқаевқа тиесілі екенін растаған.

Әңгіме барысында Боқаев Хамрақұловпен бірге түсірілген бейнематериалдың сапасына көңілі толмайтынын айтып, Нүсіпқожаға наразылық білдірген. Ол түсірілімді тым сапасыз деп бағалап, бейнені пайдалануға жарамсыз екенін жеткізген.

Алайда телефон әңгімесіндегі негізгі мәселе түсірілім сапасына ғана қатысты болмаған. Боқаев бейнежазбада гранит бұйымдары мен ескерткіштер жасалатын цехтың атауы анық көрінуі керектігін талап еткен. Оның сөзінше, кадрда жай ғана қақпа немесе қоршау емес, өндіріс орнының нақты белгілері болуы тиіс еді.

Сонымен қатар ол гранит тақталарды қай жерге апарып, қай тұсқа түсіру керектігін алдын ала түсіндіргенін еске салған. Боқаев орындаушылардан аталған жерде шынымен өндіріс бар-жоғын да сұраған. Осылайша, оның бейнежазбада белгілі бір нысан мен нақты көріністің болғанын қалағаны байқалады.

Айыптау тарапының пайымдауынша, бұл әңгіме гранит тақталарды ұрлау әрекетін сахналау алдын ала жоспарланғанын көрсетеді. Тергеу нұсқасына сәйкес, Хамрақұлов пен Нүсіпқожа ұрлаған тақталарды құлпытастар жасайтын цехтың маңына жеткізуі керек болған. Алайда олар жүкті бастапқыда белгіленген жерге емес, жол жиегіне түсіріп кеткен. Бұл жағдай Боқаевтың наразылығын тудырған.

Жоспарланған әрекеттің ойдағыдай орындалмағанына ашуланған ол жұмсалған қаражаттың зая кеткенін айтып, орындаушыларға ақы төлеуден бас тартқан.

Сотта аудиожазбаны тыңдату кезінде Боқаевтың адвокаттары да қарсылық танытқан. Олар жазбаны жариялауға қарсы болып, оны тыңдау барысында дауыс көтеру арқылы аудиодағы әңгіменің мазмұнын залда отырғандар мен БАҚ өкілдеріне естіртпеуге тырысқан.

Айта кетейік, бұған дейін сотта Ұлан Нүсіпқожа өз кінәсін мойындап, бұл іске ұйымдастырушы ретінде емес, амалсыздан араласқанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, гранит тақталарды белгіленген орыннан басқа жерге түсіріп қойғаннан кейін Боқаев оған ашуланып, ауыр сөздер айтқан.

Сондай-ақ Нүсіпқожа бастапқыда Боқаев жалдаған адвокаттың шындықты айтуға тыйым салғанын жеткізген. Бұған қоса, блогердің жақтастары одан үндемеуді сұрап, қаржылай көмек көрсетуге уәде берген. Алайда бес айдан кейін Боқаевтың достары бұдан былай қолдау көрсетілмейтінін хабарлаған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→

Біздің cеріктестер