Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Мемлекеттен грант алғандардың тең жартысы бизнесін жауып тастаған

Жоғары аудиторлық палата 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуына жасаған есепте мемлекеттен грант алған кәсіпкерлердің едәуір бөлігі кәсібін тоқтатқанын мәлімдеді.

Мемлекеттен грант алғандардың тең жартысы бизнесін жауып тастаған

Мәселен, 2022 жылы грант алған 21,6 мың адамның 11 мыңы (яғни 50%-дан астамы) кәсібін жапқан. Ал 2023 жылғы 9,1 мың грант иесінің үш мыңға жуығы (32%) өз жұмысын тоқтатқан.

Сонымен қатар, көптеген кәсіпкер табысы туралы есеп тапсырмаған. 2022 жылғы грант иелерінің 16,6%-ы (3 582 адам), ал 2023 жылы 17%-ы (1 540 кәсіпкер) кірісін көрсетпеген.

Мемлекеттік қолдаудың мұндай нәтижесі тиімділікті бағалау мен бақылау тетіктерінің әлсіздігін көрсетіп отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату