Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, магистратураға грант конкурсына құжат қабылдау 12 тамызда басталады.
Кешенді тестілеу 21 шілдеде басталған, ол 10 тамызға дейін жалғасады.
Грант алу үшін байқауға қатысуға өтініштер 18 тамызға дейін қабылданады.
Ал ақылы бөлімде оқу ниеті бар азаматтар үшін құжат қабылдау мерзімі – 15–28 тамыз аралығы.
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін, ал жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу ұйымдарына қабылдау 28 тамызға дейін аяқталады.
Негізгі ақпаратты жоғары оқу орындарының ресми сайттарынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан білуге болады.