Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда темекі тартатын жасөспірімдер көбеюде – Ұлттық статистика бюросы

2025 жылдың қаңтарында Ұлттық статистика бюросы жүргізген жыл сайынғы зерттеу нәтижесіне сәйкес, елдегі ересек тұрғындардың 17,5 пайызы темекі шегеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш — 2024 жылы темекі тұтынушылар үлесі 20,7 пайыз болған.

Қазақстанда темекі тартатын жасөспірімдер көбеюде – Ұлттық статистика бюросы
Фото: gov.kz

Зерттеу Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық облыстарда тұратын 12 мың үй шаруашылығын қамтыған. Сауалнамаға әр отбасыдан 15 жастан асқан бір адам қатысқан.

Темекі тартатындардың саны барлық жас топтарында азайғаны байқалады. Әсіресе 29 бен 48 жас аралығындағы азаматтар арасында төмендеу бар:
– 29–38 жас аралығында – 5,5 пайызға азайып, 2025 жылы бұл топта темекі тартатындар үлесі 19,3 % болды;
– 39–48 жастағылар арасында – 5 пайызға кеміп, темекі тартатындар 22,7 % болды.

Алайда 15–17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында керісінше — темекі шегетіндер саны артқан: былтыр 1,2 % болса, биыл бұл көрсеткіш 3,6 % жеткен.

Зерттеуде ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылық та көрсетілген. Темекі тартатындардың негізгі бөлігі — ер адамдар: ерлердің 34 пайызы шегетін болса, әйелдер арасында бұл көрсеткіш небәрі 5 пайыз.

Сондай-ақ, ауылдық жерлерде темекі шегетін ересектер үлесі – 19,1 %, ал қалада бұл көрсеткіш – 16,7 % болып отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату