Алматыда қатты жауыннан кейін Тимирязев көшесіндегі Есентай өзені арқылы салынған жаңа жаяу жүргіншілер көпірінің бір бөлігі шөгіп кетті. Көпірге кіреберіс жерде плитка ығысып, үлкен шұңқыр пайда болған.
Әлеуметтік желілерде бүлінген нысанның суреттері тарады. Жазба қалдырған қала тұрғыны көпірдің қирағанын айтып, егер ол жерден балалар өтсе не боларын сұраған.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, зақым электр желілерін жүргізу және ауыстыру жұмыстары кезінде болған. «Жұмыстарды АО