weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өскемендегі жол апаты: екі жасөспірім қаза тауып, қылмыстық іс қозғалды

Өскеменде жеңіл көліктің қатысуымен болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан екі кәмелетке толмаған жасөспірім көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті жасөспірім жүргізген. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өскемендегі жол апаты: екі жасөспірім қаза тауып, қылмыстық іс қозғалды
Фото: ашық дереккөз

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жол апаты 17 шілде күні Өскемен қаласында болған. Жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі кедергіге соғылған. Соққының әсерінен көлік аударылып, артынша отқа оранған.

Қайғылы оқиға салдарынан салонда болған екі кәмелетке толмаған жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Ал көлік тізгінінде болған жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары апаттың нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаға қатысы бар барлық деректер жан-жақты тексерілуде.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→