weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның сыртқы қарызы тарихи рекорд жаңартты – $170,5 млрд

Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарызы $5,7 миллиардқа өсіп, жалпы көлемі $170,5 миллиардқа жеткен. Бұл – ресми статистика жүргізіле бастағалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Қарыздың негізгі бөлігі жекеменшік сектордың есебінен көбейген.

Қазақстанның сыртқы қарызы тарихи рекорд жаңартты – $170,5 млрд
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік қарыз керісінше $14,8 миллиардқа дейін қысқарған. Ал банк секторы мен квазимемлекеттік ұйымдардың қарызы $17,5 миллиардқа дейін өскен.
Жеке бизнеске тиесілі қарыз көлемі – $138,2 миллиард.

Негізгі кредитор елдер – Нидерланды, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Франция. Қарыздың басым бөлігі – компания ішіндегі қарыздар мен тікелей инвестициялар.

Ең көп қарыз тартылған салалар:
▪️ мұнай-газ секторы,
▪️ қаржы нарығы,
▪️ өнеркәсіп.

Сыртқы қарыздың шамамен $115 миллиарды – АҚШ долларымен рәсімделген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→